Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ер адам зағип қарияға шабуыл жасады

Петропавлда ер адам тапа-тал түсте көзі нашар көретін қарияға шабуыл жасаған.  Зейнеткер көшеде келе жатып қарақшының құрбаны болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

73 жастағы ер адам зағиптар қоғамынан шығып, үйіне қайтып келе жатқан.  Қарақшы зейнеткерге арт жағынан шабуыл жасап, оны құлатып, әмиянын суырып алған.  Мүмкіндігі шектеулі ер адам полицияға шабуыл жасаушының ешбір белгісін айта алмады.

"Ол мені тепті, мен құлап түстім. Мен тез орнымнан тұрмақ болдым, бірақ тұра алмады. Мен оған айқайлап, ең болмаса құжаттарды беріңізші деп сұрадым", – дейді қария.

Бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің кім екені анықталды. Ол азық-түлік дүкенін тонау кезінде ұсталды.  39 жастағы ер адам бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған болып шықты.  Ұрланған әмиян мүгедекке қайтарылды. Онда ер адамның телефоны мен құжаттары болған, бірақ ақша болмаған. 

"Ақша алғым келді. Ақша бар деп ойладым. Әмиян қалың сияқты көрінді. Әрине, істегеніме өкінемін. Жәбірленушіден барлығы үшін кешірім сұраймын. Мені не итермелегенін білмеймін", – дейді күдікті.

Талқылау