Әкімдік тарапынан бақылау болмаған соң әлеуметтік көмір кәсіпкерлерге сатылған – Министр
2022-2023 жылғы жылыту маусымы кезінде әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері тіркелген. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шағында әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен шетке кету фактілері орын алды. Мәселен, еліміздің 5 өңірінде, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарында 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кетті. Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады”, – деді Марат Қарабаев.
Министрдің сөзінше, алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмірді автокөлікпен (6 ай мерзімге) және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда