Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшынша мінсіз сөйлеген Мақпал Жүнісованың қызы жұртты таңдай қақтырды (видео)

Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерейді жыл сайын шетелге жіберіп тұрады. Ана жүрегі жат жерге кеткен баласы үшін алаңдаса да, оның болашағы үшін тәуекелге барады. Себебі Жүнісова бүгінгі заманның тіл білуді қажет ететінін біледі.

makpala bolat

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мерейдің ән айтатын да қабілеті бар. Мерекелік думандардың бірінде ол анасына ән арнап, көпшілікті тәнті етті. Дегенмен ол сахнаға аса құштар емес.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова БАҚ-қа берген сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. Есесіне Мерейдің тіл білуге деген ынтасы зор, талабы таудай.

Бірнеше сағат бұрын Мақпал Жүнісова қызының мектепте ағылшын тілінен сайысқа қатысып жатқанын хабарлап, Мерейдің ағылшынша сөйлеп отырған сәтінен видео жариялады.

“Бүгін менің Мерейжаным мектебінде ағылшын тілінен додаға түсіп жатыр, Гүлназ апайы үзінді жіберіпті”, – деп жазды Халық әртісі.

Желідегілер Мерейдің шет тілінде еркін әрі акцентсіз сөйлегеніне қайран қалды. Көпшілік Мерейдің әкесі Заманбек Нұрқаділовке ұқсағанын айтып жатыр.

“Жақсы сөйлейді екен, тіл көзім тасқа”, “Мерей, жарайсың! Мақпал апай, Мерей тек биіктерден көрінсін”, “Талабына нұр жаусын, тек биіктерден көрінсін”, “Өзіңізден аумай қалыпты, тіл білгені керемет”, “Біртуар азаматтың көзі Мерейжан, ботам талабың таудай болсын”, “Қабағын түйіп сөйлегені әкесінен аумайды екен”, “Жарайсың, Мерейжан, әкең бір аунап түскен болар”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның кіші қызы музыкалық мектепті үздік тәмамдады (видео)

Салтанат Қалиева көп балалы ана үшін жұрттан көмек сұрады

Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім

Димаш қытай асханасын жақсы көріп қалғанын айтты

Талқылау