Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың жалғыз қызы Мерей анасына арнап ән шырқады, деп хабарлайды Stan.kz.

makpala bolat

Мерей әйгілі “Тақиялы періште” фильміндегі “Мама” әнін тойлардың бірінде орындаған. Оның видеосын желіге Мақпал Жүнісованың өзі жүктеді.

“Ақ жаулықты аналарымыз аман болып, балаларының алдында болсын, аналар ұзақ өмір сүрсе, балалар да шаттықта болады”, – дейді Жүнісова.

Мерейдің әнін тыңдаған жұрт оның ерекше даусына тәнті болды. Тіпті, кейбіреулер көз жастарына ерік бергендерін жасырмады.

“Тәрбиелілігі, өнегелілігі, тектілігі бірден байқалады. Асылдың сынығы, Мақпал апайдың жемісі”, “Мерей даусы өте керемет, салмақты”, “Мақпал апай, Мерейдің әнін тыңдап көзімдегі жасым тоқтамады”, “Қандай даусы керемет”, “Мақпал апай, қызыңыздың даусы керемет. Басқа әндері бар ма? Қалай тыңдауға болады?”, “Анасы сияқты халықтың қызы болуына шын жүректен тілектеспін”, – дейді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас 28 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)

Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады

Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр

Баян Есентаева Мальдив жігіттерімен қосылып таңдай қақтырарлық би биледі (видео)

Талқылау