Ағылшын жанкүйерлері 2026 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады
Фото: Getty images
2026 жылы Мексика, АҚШ және Канадада өтетін футболдан әлем чемпионаты басталмай жатып қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
The Sun басылымының мәліметінше, билет бағасының қымбаттығы жанкүйерлердің наразылығын күшейткен.
Атап айтқанда, ағылшын жанкүйерлері үшін финалдық матчқа арналған ең арзан билет бағасы 3128 фунт стерлингті (шамамен 2,1 миллион теңге) құрайды. Осыған байланысты жанкүйерлер Англия Футбол қауымдастығының төрағасы мен бас директорына хат жолдап, жағдайға қатысты нақты шара қолдануды талап еткен.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш мемлекет АҚШ, Канада және Мексика елдері қабылдайды. Айтулы дода 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өтеді.
Қазіргі таңда әлем чемпионатына жолдама алған 42 құрама белгілі. Қалған алты команда 2026 жылдың наурыз айында өтетін плей-офф кезеңінде анықталады.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"

