"Әділет" партиясы Президент курсын жүзеге асырады: Айбек Дәдебай қорытынды дебатта сөз сөйледі
24KZ телеарнасында ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының қарсаңындағы соңғы теледебат өтті. Жеті саяси партияның басшылары бір пікірталас алаңында жолығып, сайлаушыларға өз бағдарламаларын таныстырды.
Дебат төрт раундта өтті. Бірінші раундта партиялар өз-өзін таныстырып, екі минут ішінде сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндады.

Кіріспе сөзінде Айбек Дәдебай Қазақстанның болашағы қандай болады деген мәселені сипаттап өтті.
"Бұл сауалға наурызда өткен референдумда халқымыздың өзі нақты жауабын берді. Еліміздің даму бағыты жаңа Конституциямызда түпкілікті айқындалды. Осы жолда "Әділет" партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдарына саяси тірек болады", – деді Айбек Дәдебай.

Партия төрағасы атап өткендей, "Әділетті болашақ үшін" бағдарламасы қазақстандықтарды мазалайтын сұрақтардың бәрін қамтиды.
"Әр адамның тұрақты жұмысы мен лайықты жалақысы болуы қажет. Алдағы уақытта біз бір миллион жаңа, сапалы жұмыс орнын ашамыз. Біз елді негізгі азық-түлік өнімдерімен жүз пайыз қамту арқылы азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етеміз. Біз бір миллион ауыл тұрғынының табысын арттырамыз, бес миллион азаматты жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйретеміз", - деді "Әділет" партиясының төрағасы.

Дебат кезіндегі сұраққа жауап берген "Әділет" партиясының төрағасы партия үшін әділдік дегеніміз – ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беру екенін атап өтті. Өмірлік қиын жағдайға түскен адамға мемлекет әрине көмек беруі тиіс, ал, өсемін, өнемін деген адамға жағдай жасау керек. Бірақ бұл мәселеде ең басты принципті – біреудің есебінен біреуге көмек беруге болмайды деген қағидатты бұзып алмау маңызды.

"Біз салықты көбейтіп, бизнеске салмақ салайық деп жатқан жоқпыз. Біз басқа жолын ұсынып отырмыз, біз "бизнес үшін салықты көбейтпейік, экономиканы кеңейтейік" дейміз. Өйткені, кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындары көбейген сайын бюджетке салық көп түседі. Осылайша мемлекет әлеуметтік міндеттерін орындау үшін барынша мол мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да, "Әділет" партиясының негізгі мақсатының бірі – орта бизнестің үлесін 7 пайыздан 20 пайызға көбейту. Бұл үшін не істеу керек? Сол бизнес үшін салықты төмендету керек, бизнес үшін қаржыландыруға жол ашу керек, өндіріс пен экспортты ынталандыру керек, отандық өнімді дамыту керек. Бұл жердегі формула өте қарапайым – бизнес өссе, жаңа жұмыс орындары ашылады. Халықтың табысы өссе, экономика да өседі", – деп жауап берді Дәдебай.
Дайындаған:
"Әділет" партиясының баспасөз қызметі.
"Әділет" партиясы" ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?