Абай облысындағы өртті сөндіруге әскерилер тартылып, оқиға орнына Қорғаныс министрі барды
Абай облысына Қарулы күштер бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіру және басқа ведомстволармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов келді.
Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Республикалық жедел штабына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері енгізілді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың апат аймағында атқарылған іс-шаралар туралы баяндамасын тыңдады.
“Жеке құрам арасында шығынға жол бермеу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қарастыру қажет”, - деп тапсырды қорғаныс ведомствосының басшысы.
Қазіргі уақытта өртке қарсы іс-шараларға 300-ден астам әскери қызметші қатысуда. Бұдан өзге "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 30 арнайы әскери техникасы тартылған.
Қазіргі уақытта дағдарыс ауданына жөнелтуге Аягөз гарнизонының 500-ден астам әскери қызметшісі және 30 техникасы дайын. Сондай-ақ 200 адамнан тұратын резерв құрылды.
Әуеден өртті сөндіруге армиялық авиацияның бес Ми-17, Ми-17Ш тікұшағы жұмылдырылды. Ұшу экипаждары өрт ошақтарына 400 тоннадан астам су төкті.
Әскери қызметшілер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, оларды тамақтандыру және демалу үшін орналастыру ұйымдастырылған.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
