91 жастағы миллиардер жыныстық сипаттағы бес қылмысқа қатысы бар деп айыпталды
Австриялық-канадалық миллиардер Фрэнк Стронак ондаған жылдар бойы сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі ең ірі автокөлік бөлшектерін өндіретін Magna International компаниясының негізін қалаушы Фрэнк Стронак әйел зорлады, әдепсіз мінез-құлық танытып, екі рет жыныстық зорлық көрсетіп, әйелді күштеп ұстады деп айыпталды. Полицейлердің айтуынша, күдікті сексуалдық сипаттағы озбырлық әрекеттерді 1980-2023 жылдар аралығында жасаған. Айыптауда кәсіпкер соңғы рет 2023 жылы қылмыс жасаған деп көрсетілген. Күдікті ол кезде 90 жаста еді.
Фрэнк Стронак өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Болған жағдайдан кейін ол сотқа дейін қамаудан босатылды.
Бұған дейін отандық миллиардер англиялық футбол клубын сатып алған еді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”