"70% жағдайда үлкендер мән бермеген": Балалар омбудсмені бүлдіршіндерге қатысты зорлық пен қауіпсіздік мәселесін сөз етті
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауында ата-ананың баланың өміріне деген жауапсыздығы мәселесін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балалар омбудсменінің айтуынша, ата-ана баланың өмірі үшін жауапты екенін түсіну керек.
"Балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау – қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті. Оның қауіпсіздігі мен өмірі үлкендердің қолында екенін ұмытпайық. Ата-ана ретінде үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек. Күн сайын үш бала терезеден құлап, уланып немесе қайғылы оқиғалар салдарынан мерт болады. 70% жағдайда олардың айналасындағылар дер кезінде әрекет етпеген", – деп атап өтті Динара Зәкиева.
Ол барлық ересектерді жауапкершілік танытуға, баланың қорғаушысы болуға және әрдайым балаға көмектесуге шақырды.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ