50 блогер 2,5 миллиард теңге табыс тапқанын растап, салық төлеген
Қазақстанда блогерлерге табысын декларациялауға қосымша уақыт берілді. Мұны қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
"Бүгінде 50-ден аса блогер 2,5 миллиард теңге табысын көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандарына қосымша 30 күн уақыт берілді. Наурыздың соңына дейін тексеріп, ақпарат ұсынамыз", – деді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер 53,3 миллиард теңге табысын жасырып қалғанын айтып, оларға ескерту жолдағанын мәлімдеген еді. Блогерлер 2022-2023 жылдардағы табысы үшін салық төлемегені жайлы хабарлама алған. Блогерлердің сөзіне сенсек, тізімге 8 мыңға жуық адам қосылған. Ал көрсетілген сома бірнеше миллионнан миллиард теңгеге дейін жетеді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"