5 миллиард теңге қайдан келгенін түсіндіре алмаған астаналықтың байлығы мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto.com
Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаған мүлік пен қаражаттың мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің мәліметіне сенсек, заңсыз жолмен алынуы мүмкін деген күдікпен 5 миллиард теңгеден астам қаражат пен бағалы заттар мемлекетке өтті.
"Активтерді қайтару жөніндегі комитетпен бірлесіп жүргізілген жұмыстардан кейін Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен мемлекет пайдасына жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатын ақша қаражаттары, зергерлік бұйымдар мен сән-салтанат заттары қайтарылды. Тергеу әрекеттері мен жиналған материалдарға жүргізілген талдау бұл активтердің сатып алыну және пайда болу көздерінің заңдылығына қатысты негізді күмән туғызғанын, сондай-ақ олардың құнының азаматтың ресми табыстары мен өзге де заңды кірістеріне сәйкес келмейтінін көрсетті", – деді ведомство өкілі Данияр Бигайдаров.
Қазақстандық бұрынғы сүйіктісіне берген 5 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алмақ болған
Маман адамдардың баюына қандай психологиялық әдеттер кедергі екенін айтты
Еске салайық, бұған дейін 10 миллион долларды (5 131 300 000 теңге) қалай тапқанын дәлелдей алмаған қазақстандық байлығын мемлекетке өткізгенін жаздық. Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұра заттары мемлекет кірісіне айналдырылды.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
