5 ай қамауда отырған Аягөз қаласының әкімі бостандыққа шықты
Аягөз қаласының экс-әкімі Қуаныш Азыханов 5 ай қамаудан кейін босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Сот оның арызын қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен өтеуге ауыстырған. Оның көлемі 241 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 702 мың теңге. Қала әкімі болған Қуаныш Азыхановқа “1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алды" деген айып тағылған болатын. Тергеу мен сот 9 айға дейін жалғасқан еді.
Нәтижесінде 4 жыл 5 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Алайда Семей қаласының соты оның денсаулығына байланысты және қамауда болған кездегі тәртібін ескеріп босату туралы шешім шығарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі