42500 теңге алу үшін қайтадан өтініш беруі керек - министрлік

42500 теңге алу үшін жұма күннен бастап өтініш беруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов онлайн брифинг барысында айтып берді. 

"Бұл жолы 42500 өткен төтенше жағдайдың қағидаттары бойынша төленеді. Яғни, жұмыс жасап жүріп, жалақысынан айырылған азаматтарға төленеді. Жұма күні барлық порталдар өтініш беруге ашық болады. Дүйсенбі күннен бастап, көмекті тағайындауды бастайтын боламыз", - дейді министр. 

Сонымен қатар, ол арнайы жұмыс жасайтын порталдардың тізімін атап көрсетті. 

"Қандай порталдар жұмыс істейді деген сұрақтар бар. Өткендегідей 42500enbek.kz порталы, электронды үкімет, өз бетімен жұмыспен қамтылып жатқан тұлғалар үшін телеграм боттар қызмет атқарады. Оған қоса, Kaspi банк пен Halyk банк тарапынан ұсыныс түсіп жатыр. Олар да қаражат төлеуге ат салысқылары келеді", - дейді Нұрымбетов. 

Министр шілде айында 42500 теңге алу үшін қайтадан өтініш беру керек екенін атап көрсетті.

"Өтініш өткізбеуге болмайды деп шештік. Әр өңірде әртүрлі. Кейбір мекемелер жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, бұрын жұмыспен қамтылып, қазір табыссыз қалғандар да бар. Қосымша талаптар қарастырылуда", - дейді министр. 


Өтінішті жұмыс беруші беретін болады: Нұрымбетов 42500 алудың жаңа ережелері туралы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр