"4" пен "5"-ке оқыған: Қазанда атыс шығарған студент оқыған колледждің ректоры күдікті туралы айтты
Қазан қаласындағы 175-мектепке шабуыл жасаған Ильназ Галявиев соңғы жарты жылда қатты өзгеріп кеткен. Бұл туралы ол оқыған колледж ректоры айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прусстың айтуынша, Галявиев "4" пен "5" -ке оқыған. Ол колледждің белсенді студенттерінің бірі, волонтер болған. Алайда осыдан алты ай бұрын студенттің мәнез-құлқы күрт өзгеріп кетіпті. Жаңа жылдан кейін ол мүлдем сабаққа келмеген.
Ректор Галявиевтің қатардағы қарапайым студент болғанын айтады. Ол студенттерден ерекшеленіп көрген емес, барлығы секілді сабаққа уақытылы келіп, білім алып жүрген дейді олар.
Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды