AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар терезеден секірді": Қазан қаласындағы мектепте атыстан 7 оқушы қаза тапты

Татарстан астанасы Қазан қаласында Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда белгісіз біреулер оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ-тың хабарлауынша, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген.

Соңғы деректер бойынша, оқу орнындағы атыс кезінде 11 адам қаза тапты, олардың көпшілігі балалар, деп жазды РИА Новости. 

Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың айтуынша, төрт ұл мен үш қыз оққа ұшқан. Тағы 16 адам, оның ішінде 12 бала және төрт ересек адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда қалған оқушылар ғимараттан эвакуацияланды. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов, республиканың денсаулық сақтау министрі Марат Садықов және өңір прокуроры Илдус Нафиков барды.

Қаланың барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Желіде оқушылардың терезеден секіріп жатқаны түсірілген видео тарады.  

РИА Новости жедел қызметтерге сілтеме жасай отырып, қаза болған оқушылардың екеуі үшінші қабаттағы терезеден секіріп құлап кеткенін хабарлады.

Атыстан кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны белгілі болды. Аумақтан түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан астам жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Атыс ұйымдастырды деген күдікпен 19 жастағы Ильназ Г. ұсталды. Екінші шабуылдаушы мектептің төртінші қабатында бұғатталды, кейін арнайы қарулы күштер оның көзін жойды. Күдікті кепілде адам ұстап отырған.

Атыс ұйымдастырған жасөспірімдердің бірі - осы мектептің оқушысы екені белгілі.

Сонымен қатар, атысқа тағы бір күдікті ұсталды. LIFE SHOT Telegram арнасының мәліметінше, ұсталған адамның аты-жөні - Рамиль М, 41 жаста.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр