23 жасар қызылордалық еліміздегі ең жас көпбалалы ана атанды
Үшем дүниеге әкелген 23 жастағы қызылордалық Ботагөз Кенжебекова еліміздегі ең жас көпбалалы аналардың көшін бастады.

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.
“Біз қыздарға Райана, Айша және Хадиша деп ат бердік. Біз жолдасым екеуміз бұған дейін Алыпхан және Хамза деген ұлдардың ата-анасы едік. Енді отбасымыз көбейіп, көпбалалы жанұяға айналдық”, – дейді бақытты ана.
“Үшем анасының жүктілік мерзімінің 33-ші аптасында дүниеге келді. Мұндай жағдай көпұрықты жүктіліктен туындайды. Сәбилердің салмағы 1890,1900 және 1920 грамм. Олар біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған. Енді үйге жібере беруге болады. Анасының да денсаулығы жақсы”, – дейді облыстық перинаталдық орталықтың патологиялық босандыру бөлімінің меңгерушісі Базаркүл Исаева.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады