Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 қыркүйектен бастап 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды - министр

21 қыркүйектен бастап 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ресейліктер

Ресейліктерге ЖСН алу тәртібі жеңілдетілді. Министр үкімет кулуарында пікір білдірді.

“Біздің міндетіміз – ресейліктерге барынша тез ЖСН тағайындау. Бұл олардың карталарды алуы үшін ғана емес, біз үшін маңызды.  Олардың  құқықбұзушылықтарын тіркеу, келуін бақылау үшін ЖСН маңызды", - деді Мусин.



Оның айтуынша, шетелдіктерге ЖСН беру арқылы оны барлық дерекқорларда тіркейді. Осылайша оларды қадағалау жұмысы жеңілдейді.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін ресейліктер үшін ЖСН нөмірін алу жеңілдетілгені айтылды.
 

Талқылау