Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір тәулікте 13 мың өтініш түсті": Ресейліктерге ЖСН алу не үшін керек?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов шетелдіктерге Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу не үшін керегін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЖСН

Вице-министрдің сөзінше, ЖСН алу үшін төлқұжаттың түпнұсқасы ғана қажет. Нөмір бір жұмыс күнінде дайын болады. 

"ЖСН еңбек келісімшартын жасау, қызмет көрсеткені үшін ақы алуға, әкімшілік жауапқа тарту, салық есебін өткізуге және түрплі банк операцияларын жүзеге асыру үшін қажет", – деді ол брифинг барысында.

"Азаматтар үшін үкімет” АҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин жыл басынан бері Халыққа қызмет көрсету орталықтарына шетелдіктерден ЖСН алу жөніндегі 320 мың өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 97 мыңы Ресей азаматтары. 

"Тек кеше ғана 13 мыңнан аса өтініш түсті. Түсіндіру үшін айтайын. Мұнда Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Барлық ХҚКО-лар штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Азаматтардың көптеп келуі байқалған соң тағы 8 ХҚКО бөлдік. Олар өзге елден келген азаматтар үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді", – деп мәлімдеді Әбділдин.

Бұған дейін Астана тұрғындары ХҚКО алдындағы ұзын-сонар кезек туралы айтқан еді. Әлеуметтік желідегі жазбаға сәйкес кезекте тұрғандардың басым бөлігі Ресей азаматтары. Ал еріктілер кезекте тұрғандарға арнап ыстық шәй мен тамақ ұсынған. 

Талқылау