Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеттерінің жаңа нұсқалары ұсынылады

қор
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстанда жинақтаушы сақтандыру өнімдерінің түрлерін кеңейту ұсынылуда. Бұл бастама "2030 жылға дейін сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының" жобасында көзделген. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нарық қатысушыларымен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп әзірледі.

Зейнетақы аннуитеті – сақтандыру ұйымы адамның жинақтары есебінен оған тұрақты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын, ұзақ өмір сүру тәуекелін өз мойнына алатын және төлемдерді белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы қамтамасыз ететін сақтандыру шарты.

Бүгінгі таңда азаматтарға өмір бойы сақтандыру төлемдерін алуды қамтамасыз ететін дереу, кейінге қалдырылған және бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеттері қолжетімді. Болашақта азаматтарға кепілдендірілген төлемдері бар стандартты өнімдерден бастап инвестициялық құрамдас бөлігі бар өнімдерге дейін зейнетақылық шешімдерді неғұрлым кең таңдауды ұсыну жоспарлануда.

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша 2021 жылмен салыстырғанда қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарының саны 2,5 есеге, ал сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 3,5 есеге жуық ұлғайды. Мұндай елеулі өсім кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттерінің енгізілуіне байланысты болды. 

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарының жалпы саны 164 294 құрады, сақтандыру сыйлықақыларының сомасымен 1 168 млрд теңге құрады, оның ішінде кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті бойынша 429,4 млрд теңге  сақтандыру сыйлықақыларының сомасымен 53 826 шарт жасалды, бірлескен зейнетақы аннуитеті бойынша 5,6 млрд теңге сақтандыру сыйлықақыларының сомасымен  275 шарт жасалды.  

Негізгі өнім ретінде кепілдендірілген зейнетақы аннуитеті сақталады. Ол өмір бойы төлемдерді қамтамасыз етеді, ал адамның күтілген мерзімнен ұзақ өмір сүруі және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін көбірек қаражат қажет болуы тәуекелін сақтандыру ұйымы өз мойнына алады. Қолданыстағы өнім зейнетақы төлемдерін ұлғайтудың (индексациялаудың) әртүрлі нұсқалары есебінен икемді бола түседі.

Инвестицияға-байланысты аннуитет (unit-linked) пайда болады. Ол зейнетақылық қорғауды инвестициялық кіріс алу мүмкіндігімен үйлестіруге мүмкіндік береді. Нәтиже таңдалған инвестициялық қоржынның немесе нарықтық индекстің кірістілігіне байланысты болады. Бұдан әрi жинақталған ақша өмiр бойы төленетiн төлемдермен бiрге кепiлдiк берiлген зейнетақы аннуитетiне аударылуы мүмкiн.

Тағы бір нұсқа қоспалы аннуитет болады. Онда қаражат бірден екі бөлікке бөлінетін болады: біреуі өмір бойы кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді, ал екіншісі қосымша кіріс алу үшін инвестицияланатын болады. Осылайша, азамат бір мезгілде кепілдендірілген зейнетақы төлемдерін ала алады және  инвестициялық кіріс алуға қатыса алады.

Таңдау процесін жеңілдету үшін бірыңғай цифрлық зейнетақыны жоспарлау сервисін құру жоспарлануда. Оның көмегімен азаматтар зейнетақы өнімдерін салыстырып, болашақ төлемдердің болжамды мөлшерін есептей алады, өздеріне қолайлы нұсқаны таңдап, дербес зейнетақы жоспарын ала алады.

Мұндай жүйе зейнетақы өнімдерін неғұрлым түсінікті және қолжетімді етуге, азаматтардың қосымша зейнетақы кірісін қалыптастыру бойынша мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлауға қатысуын арттыруға мүмкіндік береді.

Stan.kz
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026 12:00