Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеу жігіт кім?" Рэпер Say Mo-ға сахнада күтпеген жерден үйленуге ұсыныс жасады

Say Mo-ға үйленуге ұсыныс жасады
Фото: Instagram.com/saymoteam8

Қазақстандық әнші Say Mo концерт кезінде күтпеген жағдайға тап болды. Өнер көрсетіп тұрған сәтте сахнаға шыққан жігіт оған көпшіліктің көзінше тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан жігіттің бір тізерлеп отырып, әншіге жүзік ұсынғанын көруге болады. Ал оның қолындағы гүл шоғы да ерекше безендірілген: гүл күлтелерінің орнына доллар купюралары оралған.

Күтпеген жайтқа аң-таң болған Say Mo:

“Бұл не? Аздап шок болып тұрмын”, – деп эмоциясын жасырмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса, бұл көріністің шын мәнінде ұсыныс па, әлде алдын ала ұйымдастырылған әзіл ме екенін қызу талқылап жатыр.

Бірі әншіні құттықтап, күйеу жігіттің кім екенін сұраса, енді бірі мұны жақсы ойластырылған пиар немесе пранк деп бағалады. Тіпті концертке барған кейбір көрермендер Say Mo тыңдармандарын әдейі алдағанын жазған.

“Керемет маркетинг”, “Құттықтаймын!”, “Не болып жатыр? Түсіндіріп жіберіңіздерші”, “Күйеу жігіт кім?”, “Маған ол “Гранд қонақүйі” сериалындағы актерді еске салды”, “Бұл пранк, достар!” – деп жазды қолданушылар.

Дегенмен көпшілікті “Әнші ұсынысқа “иә” деді ме, әлде бас тартты ма?” деген бір сұрақ қызықтырып отыр. Әзірге Say Mo бұл жөнінде нақты жауап берген жоқ.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026 11:55