Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Бүгін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстанда барлығы 12 623 289 азаматтың дауыс беру құқығы бар.
Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысқан. Бұл – сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ы.
Оның сөзінше, бес партия бес пайыздық межеден өтті:
- "Әділет" – 71,17% дауыс;
- "Ауыл" – 6,26%;
- Respublica – 5,56%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11%;
- "Ақ жол" – 5,21%.

Қазақстанның Халық партиясы 3,11% дауыс жинаса, "Байтақ" жасылдар партиясына сайлаушылардың 1,07%-ы дауыс берген.
"Барлығына қарсымын" деген нұсқаға сайлаушылардың 2,51%-ы дауыс берді.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың үлесін жариялаған еді.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі
