Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлау учаскелерінің жабылуына екі сағат қалды: Қазақстандықтардың 72,15%-ы дауыс беріп үлгерді

сайлау

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың үлесін жариялады. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 азамат дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 72,15%-ы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өңірлер бойынша сайлаушылардың қатысу көрсеткіші:

Астана – 49,87%;
Абай облысы – 77,54%;
Ақмола облысы – 78,95%;
Ақтөбе облысы – 84,95%;
Алматы облысы – 70,04%;
Атырау облысы – 69,05%;
Батыс Қазақстан облысы – 71,15%;
Жамбыл облысы – 83,99%;
Жетісу облысы – 89,69%;
Қарағанды облысы – 74,78%;
Қостанай облысы – 75,31%;
Қызылорда облысы – 88,09%;
Маңғыстау облысы – 70,61%;
Павлодар облысы – 69,99%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 75,14%;
Түркістан облысы – 90,17%;
Ұлытау облысы – 68,23%;
Шығыс Қазақстан облысы – 85,43%;
Алматы – 41,06%;
Шымкент – 71,89%.

нәтиже
Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Айта кетейік, бұған дейін Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 65,37%-ы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 23 Тамыз, 2026 18:17