Сайлаудың exit-poll нәтижелері жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлаудың экзитпол нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, бес саяси партия Құрылтайға өтуі мүмкін. Бұл туралы "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" хабарлады.
Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша жүргізілген экзитпол қорытындысы мынадай:
- "Әділет" партиясы – 71,80%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,20%;
- "Байтақ" Қазақстанның жасылдар партиясы – 1%;
- Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) – 3%;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,40%;
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,10%;
- Respublica – 5,40%;
- "Барлығына қарсымын" – 2,10%.
Қоғамдық саясат институты ұсынған экзитпол нәтижесі бойынша да Әділет партиясы алда тұр.

Ал "СОЦИС-А" жүргізген exit-poll нәтижелері мынадай:
- Әділет" партиясы — 70,7%;
- "Ауыл" партиясы — 6,4%;
- Respublica — 5,5%;
- "Ақ жол" — 5,4%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ОСДП) — 5,0%;
- Қазақстан халық партиясы — 3,2%;
- "Байтақ" жасылдар партиясы — 1,2%;
- Барлығына қарсы — 2,7%.
Партияның Құрылтайға өтуі үшін сайлаушылардың жалпы санының кемінде 5%-ының дауысын жинауы қажет.
Айта кетейік, сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Сайлаудың соңғы нәтижелері 30 тамызға дейін белгілі болады.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан