Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шығып, тұрғындар толық эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының орталығындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өртті сөндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның Telegram арнасына жүктеген видеосынан көпқабатты үйді түтін басқан, оның тұрғындарын, өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерін көруге болады. Бейнежазбаның соңында өрт сөндіруші баспалдақпен ғимараттан мысықты алып шықты.
“Алдын ала мәлімет бойынша, Алмалы ауданындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан үйдегі кабель шахтасынан өрт шыққан.Тұрғындарды эвакуациялау және адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілген. Өрттің нақты ошағын анықтау үшін өрт сөндірушілер тепловизорлар қолданған”, – деп мәлімдеді департамент.

Оқиға орнының маңынан күйген пластмассаның өткір иісі шығады. Тұрғындар ғимараттан сыртқа шығарылды.
Министрлік оқиға орнында өртті жою бойынша жедел штаб құрылғанын мәлімдеді. Кейін ведомство өрттң оқшаулап, толық сөндірді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
