2025 жылы қанша қазақстандық әскер қатарына шақырылады
Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің келесі жылы мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулысы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан аралығында 41 мың 706 азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылушылар – 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдар.
Биыл әскер қатарына 40,2 мыңға жуық адам шақырылды.
Айта кетейік, бұған дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы әскери қызмет туралы ақпаратты енді eGov Mobile қосымшасы арқылы алып, жіберуге болатынын мәлімдеген еді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ