Әскерге шақырылушыларға арналған медициналық комиссияның жаңа ережелері: Не өзгереді
Қорғаныс министрлігі әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерінің тәртібі мен ережелеріне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қорғаныс министрлігі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге ниет білдіргендерді медициналық куәландыру тәртібіне көзқарасты өзгерту туралы бөлігіне қатысты болмақ.
Бұдан басқа, құжатта азаматты денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке негізсіз шақырудың себептерін зерделеу тәртібі нақтыланды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады