Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылды
Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Осылайша олар эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
"Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі", – делінген министрлік хабарламасында.
Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:
- жалпы қан талдауы;
- несеп талдауы;
- кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;
- электрокардиографиялық зерттеулер;
- микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;
- бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
- бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- АИТВ инфекциясына қан талдауы.
Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрлігінің "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес келесі жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылатынын жазған едік. Министрліктің мәліметінше, әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы офицерлік құрамдағы лауазымдарда қызмет атқарады. Былтыр жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып, кейін саны екі есе ұлғайды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған