2024 жылы Қазақстанның Ұлттық қоры небәрі 3,2 трлн теңгеге көбейді
2024 жылы Қазақстанның Ұлттық қоры небәрі 3,2 трлн теңгеге өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өткен жылдың басында Ұлттық қордың көлемі 29,8 трлн теңге болса, жыл соңында бұл көрсеткіш 33 трлн теңгеге жеткен. Жыл ішінде қорға 8,82 трлн теңгеге тгскен. Түскен қаражаттан 5,62 трлн жұмсалған.
Ұлттық қорға мұнай секторынан 3,8 триллион теңге салық және 4,98 триллион теңге инвестициялық кірістен түскен.
Ұлттық қордың 5,62 трлн теңге қаражаты 2 трлн теңге кепілдік берілген трансферттер және республикалық бюджетке 3,6 трлн нысаналы трансферттер түрінде игерілді. Тағы 21 миллиард теңге қорды басқаруға және аудит жүргізуге жұмсалды.
Алғашында Үкімет 2024 жылдың бюджетіне Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт көлемін 1,6 триллион теңге деңгейінде енгізсе, жыл соңына дейін бюджет тапшылығына байланысты тағы 2 триллион теңге сұрады. Нәтижесінде нысаналы трансферттің көлемі президент жарлығымен 3,6 триллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
Желтоқсанда Ұлттық қор 199,6 млрд теңгеге қысқарды. Осы айда қорға 112,9 млрд теңге түссе, 312,5 млрд теңге шығарылды.
Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан ақша қашан түседі
Естеріңізге сала кетейік, кепілдендірілген трансферттер бюджет тапшылығын жабуға бағытталады, ал нысаналы трансферттер президенттің бекітуімен республикалық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жіберіледі.
Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік ережемен шектелген, бірақ нысаналы трансферт шектелмейді. Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі үкіметке мақсатты трансферттің көлемін билік жыл ішінде ерікті түрде арттыра алмайтындай етіп шектеуді де енгізуді ұсынғанын хабарлаған болатын.
Үкімет 2025 жылғы бюджетке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде 2 триллион теңге және нысаналы трансферт түрінде 3,25 триллион теңгені пайдалануды енгізді. 2026 жылдан бастап үкімет мақсатты трансферттерден бас тартуды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, осыған дейін президент ұлттық қордан 2025-2027 жылдары алынатын кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойған еді.