Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан ақша қашан түседі
Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 1 ақпанға дейін ақша түседі. Дегенмен нақты сомасы әлі белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігінің және БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл толықтыру 2024 жылдың соңына дейін туған барлық сәбиді ескере отырып жүргізіледі.
"2007 жылы туған адамдарға нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есептеу 2025 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін", – деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Өткен жылы алғашқы жарна 1 ақпанда да түскен еді. Бұл кезде 6,9 миллионнан астам бала 100 доллардан алды. 2024 жылы бағдарламаға қатысушылардың шоттарына 695,5 миллион доллар есептелмек.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады