2023 жылы қазақстандықтар қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды
2023 жыл түрлі оқиғалар мен өзгерістерден бөлек, қазаға толы жыл болды. Stan.kz тілшісі Қазақстанда биыл көз жұмған белгілі тұлғалардың тізімін жасады.

Арман Дүйсенов

2023 жылдың алғашқы айында белгілі әнші-сазгер Арман Дүйсенов 49 жасында дүниеден өтті. Әншінің неден қайтыс болғаны белгісіз, кейбір деректерде жүрек талмасынан екені айтылады. Өнер иесінің артында жұбайы мен үш баласы қалды.
Арман Дүйсенов 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші ретінде танымал. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған еді.
Ол МузАрттың орындауындағы “Әдемі”, Динара Қырықбаеваның орындауындағы “Ұстазым”, Алтынай Жорабаева шырқайтын “Ағажан” және өзі сомдайтын “Арман” сияқты бірнеше танымал әндерді шығарды.
Darkhan Juzz

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп орындаушы, бірқатар әндердің авторы және дыбыстық продюсері. Өнер иесі Qazaq indie жанрында ән жазатын.
Марқұмның артында жұбайы, ұлы мен қызы қалды.
Сергей Терещенко

Марқұмның саяси мансабы 1975 жылы Түлкібас аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы сайланған кезде басталды.
Гүлмира Кәрімова

Дмитрий Горьковой

Әкім желтоқсан айында журналист Асхат Ниязовпен сұхбатынан кейін сынның астында қалған еді. Риддерде сол мезгілде жылыту жүйесі дұрыс істемей, тұрғындар суықта қалды. Оның кеңседе электр жылытқышпен отырғаны көпке жақпады.
Серік Қалиев

Танымал ақын 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 1978-1983 жылдары Жамбыл гидомелиорациялық құрылыс институтында оқыған.
Ол облыстық, республикалық ақындар айтыстарының жүлдегері. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың "Қарлығаш" ұжымдық жинағына жарияланды.
Серік Қалиевтің артында Әбдірахман есімді ұлы қалды.
Жасарал Қуанышәлин

Танымал оппозиционер, журналист, қоғам қайраткері және белді саясаткер Жасарал Қуанышәлин мамырда 74 жасқа келгенде қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы кезеңінде ауыр дертке шалдығып, ауруханаға түсіп қалған. Марқұм инсульттан көз жұмды.
Қуанышәлин 1949 жылы Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.
Саясаткер 1994-95 жылдары жоғарғы кеңес депутаты болды. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.
2006 жылы “президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқты” деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін ол оған қарсы шабуылдар, қысымдар жасалғанын да айтып жүрді.
Бердібек Сапарбаев

Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған.
Марқұм 24 жасынан бастап мемлекеттік қызметтерді атқарған. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімі болды. 18 жыл әкім ретінде қызмет атқарып, рекордтық көрсеткішті көрсетті.
Ол халық жадында Ақтөбе облысының әкімі болып тұрған кезінде өңірдегі қытайлық компания басшылары мен жұмысшыларын қазақ тілін үйренуге шақырғанымен есте қалды.
2007-2009 жылдар аралығында және 2019 жылдың ақпан-тамыз айларында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде болды.
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында мемлекеттік қайраткерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Александр Литвинов

Ол “Дос-Мұқасан” тобының атауының шығуына себеп болған еді. Себебі "Дос" — топ басшысы Досым Сұлеев, "Мұ" — Мұрат Құсайынов, "Қа" — Қамит Санбаев, "Сан" — Саня (Александр) Литвинов дегенді білдірді.
Ақжол Мейірбеков

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келді.
1978 жылы "Дос-Мұқасан" ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салған.
Музыкант 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды. 2010 жылы қайтадан "Дос-Мұқасан" тобына оралады.
Оның артында жұбайы Шарипа ханым, 2 баласы қалды. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.
Болат Назарбаев

Алғашқы ел басшысының бауыры ірі активтердің иесіне айналып, 57 компанияның және бір жеке кәсіпкерліктің құрылтайшысы, сонымен қатар "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның еншілесі болған. Өмірінің соңына дейін "BN Invest" қаржы-өнеркәсіп холдингін басқарды.
Болат Назарбаев меценат және филантроп ретінде танымал. Ол “Салиқалы ұрпақ” қоғамдық қорын ашқан. Бұдан бөлек, “Үшқоңыр” медресесін де қаржыландырып, жыл сайын 100 отбасыға азық-түлік бөліп отырған. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және жетім балаларға көмектесу үшін “Береке үйі” жобасын да іске қосқан.
Асқар Наймантаев

Асқар Наймантаев 1965 жылы дүниеге келген.
"Тамаша" ойын-сауық телебағдарламасындағы комедиялық рөлдері арқылы халыққа кеңінен танылды. Сонымен қоса ол "Терісқақпай" және "Аққу-Гәкку" әзіл-сықақ театрлары, "Бастық боламын", "Шымкенттегі OryStar", "Детектив Әже", "Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер", "Ауылдағы немерелер" комедиялық сериалдарына түскен.
Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Сәнитастың "Тезек" фильмдерінде басты рөлді сомдады.
Аман Төлеев

Амангелді Молдағазыұлы Төлеев 1944 жылы Красноводск қаласында (Түркімен КСР) ұлты Адай руының Балықшы руынан шыққан қазақ отбасында дүниеге келген. Төлеевтің атасы Қолдыбай алашордалық болған, азамат соғысында қаза тапқан.
Марқұм 1996-1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі, 1997 жылдың жазынан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарған.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек