Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылдың басты түсі аталды

Pantone халықаралық зерттеу институты 2023 жылдың басты түсін жариялады. Тиісті материал компанияның сайтында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жылдың түсі Pantone 18-1750 Viva Magenta болды – күлгін астары бар таңқурай түсті қызыл реңк. Компания қызметкерлері кармин деп аталатын табиғи бояудан шабыт алып, жаңа реңк жасады. Оны аналық кошиниль қоңыздары (бояуы алынатын құрт-құмырсқа) жасайтыны атап өтілген.

Pantone Түстер институтының директоры Лэтрис Эйшманның айтуынша, бұл түс өмірге деген құштарлықты білдіреді. 

"Viva Magenta біздің ішкі күшімізді нығайтуға көмектеседі және жоғары технологиялар әлемінде табиғатпен қайта байланысады", — деді Pantone түстер институтының атқарушы директоры Лэтрис Эйшман.



Сонымен бірге ол бұл түс бүліктің символы екенін атап өтті.

"Батыл, тапқыр және жан-жақты, Pantone 18-1750 Viva Magenta барлығын бірдей бүлікшіл рухпен қарсы алады", - деп қосты Эйшман.

Pantone 2022 жылдың басты түсі ретінде Pantone 17-3938 Very Peri таңдаған. Ол –  қызыл-күлгін астары бар көк реңк.

Pantone 2000 жылдан бастап басты түсті таңдайды. ХХ ғасырдың ортасында компания цифрлық индикацияны қолданатын стандартталған түсті сәйкестендіру жүйесін жасады. Түстердің үлгілері арнайы каталогтарда үнемі шығарылады.

Талқылау