2022 жылы қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау мерекесі өте ме – Министр жауап берді
Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шаралар дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы мәжіліс отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім министрі биылғы соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда болатынын айтты.
"Өзгерістер орын алып қалмаса, балалардың соңғы қоңырауы 25 мамырда болады деп жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов.
- Қазақстанда жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін өседі
- Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 пайызға артады – Вице-министр
Еске сала кетейік, 2020 жылы коронавирустың салдарынан болған пандемияға байланысты Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау ата-аналардың қатысуынсыз ашық аспан астында өткен болатын. ал 2021 жылы соңғы қоңырауды дәстүрлі форматта өткізуге 9 және 11 сынып түлектеріне ғана рұқсат берілген.
Қалған оқушылар оқу жылымен онлайн қоштасқан.
Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда пандемияға байланысты барлық эпидемиологиялық шектеулер кезең-кезеңімен алынып тасталуда.
Талқылау
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”
"Біреуді суға батырып жіберсе не болады": Қазақстандықтар мектептерде жүзу сабағының енгізілуіне алаңдаушылық білдірді
Бюджетте бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған және инфрақұрылымның дайындық деңгейі де бағаланбаған