"Жұлдызын жағып шығарғым келді": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды өнерге қалай жетелегенін айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімованы өнер жолында қолдауы туралы айтты. Оның сөзінше, көпбалалы ана атанған келінінің шығармашылық қырын ашып, көпшілікке кеңірек танытуды көптен ойлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың бала тәрбиесімен ұзақ уақыт айналысқанын, сол себепті өнерге ден қоюға мүмкіндігі бірден болмағанын жеткізді.
“Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып, бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес баласы бар. Төрт баладан кейін енді етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін өзім де Қайраттан қолым босамады”, – деді ол.

Продюсер келінінің әкесіне де Жұлдызға қолдау көрсететіні жөнінде уәде бергенін айтты. Содан кейін Қайрат Нұртас пен Жұлдызға арнайы дуэт жаздырып, оларды ел аралатып, той-концерттерге бірге шығарған.
“Біреудің қызы ғой деп, әкесінің туған күніне барған кезде уәде бердім. “Бұйырса, Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын” дедім. Қайратпен екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға да екеуіне дуэт жаздырдым”, – деді Гүлзира Айдарбекова.
Алайда оның айтуынша, әншілік бағыт Жұлдызды бірден кеңінен таныта қоймаған. Осыдан кейін продюсер келінінің кәсіби біліміне ден қойып, актерлік жолға бет бұрғанын жөн көрген.
“Өз балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Содан жолын көп ойладым. Бір жыл жүгірдім. Оңай болған жоқ. Өзі актерлік мамандықты оқыған соң, актриса бола берсін деген шешімге келдім”, – деді ол.
Гүлзира Айдарбекова кейін өзі түсірген киноға Жұлдызды қатыстырып, туындының Нью-Йоркте Гран-при алғанын да атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға жаңа телефон сыйлағаны хабарланған еді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды