Хакерлер "Додо Пицца" жүйесін бұзған: 68 миллион клиенттің деректерін таралып кетуі мүмкін
"Додо Пицца" пиццерия желісіне кибершабуыл жасалды. Салдарынан қаскөйлер ондаған миллион клиенттің деректерін қолға түсіруі мүмкін. Клиенттердің аты-жөні, телефон нөмірлері, мекенжайлары, электрондық пошталары, туған күндері және тапсырыстар тарихына қауіп төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, хакерлер желінің IT жүйесіне қол жеткізген. Қазір оларға қолжетімділік бұғатталды. Мамандар ішкі тексеру жүргізіп, Роскомнадзорға хабарлаған.

Клиенттердің төлем деректеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі "Додо Пицца" банк карталарының деректерін сақтамайды.
Жалпы базада шамамен 860-870 миллион тапсырыс болуы мүмкін. Оның шамамен 744 миллионы Ресейге тиесілі.
Компания кейбір пайдаланушылардың аккаунттарынан автоматты түрде шығарылуы мүмкін екенін ескертті. Бұл кибершабуылдан кейін енгізілген қосымша қауіпсіздік шараларына байланысты. Қазір оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ
