Тарихи медаль: Арайлым Шегенова Азия ойындарында кураштан қола жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Қазақстандық 29 жастағы спортшы жарыс барысында екі рет жеңіске жетті. Финалға жолдама үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Жеңісті кореялық спортшы иеленді.
Осылайша, Арайлым Шегенова Азия ойындарының қола медаліне ие болды. Бұл – Қазақстанның әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы кураштан алған тарихтағы алғашқы медалі.
Еске салайық, 27 қыркүйекте қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарындағы спорттық жүріс жарысында бірінші болып мәреге жетіп, Қытай спортшыларынан озып шықты.
Жарыстан кейін World Athletics ережесіне сәйкес әйелдер мен ерлер арасындағы үздік үш спортшының аяқ киімі тексерілді. Тексеру барысында Тоқсанбаеваның аяқ киім үлгісі жарыстарда пайдалануға рұқсат берген модельдер тізімінде жоқ екені анықталды. Кейін қазақстандық жеңіл атлет спорттық жүрістен көрсеткен жеңіс нәтижесінің жойылғанын мәлімдеді.
Астаналық әйелдің егіздері ішінде шетінеп кеткен: Әйелдің туыстары дәрігерлерге шағымданды
