Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK – Қазақстандағы мерзімді депозиттер өсімі бойынша көш бастады

банкДепозиттер нарығы Қазақстанның банк секторында ең жылдам өсіп келе жатқан сегменттердің біріне айналды. Белсенділіктің басым бөлігін жеке тұлғалар көрсетіп отыр. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, мобильді қосымша арқылы салым ашудың жеңілдеуі және халықтың қазақстандық банктерге деген сенімі депозиттердің көбеюіне септігін тигізіп отыр. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлайды.

Қазір халық арасында ең көп сұранысқа ие өнімдердің бірі – мерзімді депозиттер. Бұл – белгілі бір мерзімге салынатын депозиттер. Олардың ішінде жинақ депозиттері де бар. Ал ағымдағы шоттағы ақша бұл есепке кірмейді.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі мерзімді депозиттер бір жыл ішінде 20% өсіп, 26,8 триллион теңгеге жеткен. Ақшалай есептегенде өсім 4,5 триллион теңге болады.

Алайда Қазақстанның жекелеген екінші деңгейлі банктеріндегі жағдай әртүрлі. Бір жыл ішінде 11 банк қана оң динамика көрсетті. Ал алты қаржы институтында мерзімді депозиттер көлемі төмендеген. Екі жаңа банк бойынша аталған кезеңдегі динамиканы бағалауға әзірге дерек жеткіліксіз. Тағы екі шетелдік банкте қызмет ерекшелігіне байланысты халықтың мерзімді депозиттері жоқ.

Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер арасында мерзімді депозиттердің ең жоғары өсімін Bank RBK көрсетті. Банктегі мұндай салымдар бір жылда 47,8% артқан. Бұл сектордағы орташа көрсеткіштен екі еседен де жоғары. 1 тамызға қарай банктегі мерзімді депозиттердің көлемі 797,9 миллиард теңгеге жетті.

Bank RBK-ның көш бастауына бірнеше фактор әсер еткен. Мәселен, банк халықтың түрлі санаттарының қажеттіліктерін қамтитын депозиттік өнімдердің кең желісін ұсынады. Олардың қатарында күн сайын капиталдандырылатын икемді Smart депозиттері, пайызды ай сайын төлейтін Depositum, Dream, Grand және Safe жинақ депозиттері бар. Бұдан бөлек, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында Aqyl мақсатты депозиті ұсынылады.

Bank RBK-ның жоғары мөлшерлемесі бар Grand жинақ депозиті бөлшек клиенттер арасында ең танымал өнімдердің бірі болып қала береді. Теңгедегі депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 17,18%-ға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 18,6%-ға дейін жетеді.

Сонымен қатар депозит иелеріне премиум санаттағы дебеттік төлем картасын комиссиясыз рәсімдеу мүмкіндігі беріледі. Картаны қолданғаны үшін оның мерзімі аяқталғанға дейін ақы алынбайды. Премиум карталардың иелері кешбэк көлемі 8%-ға дейін жететін Sarqyt адалдық бағдарламасына да қатыса алады.

Банкке деген сенімді арттыратын тағы бір фактор – оның жоғары халықаралық кредиттік рейтингтері. Қазір банк қазақстандық капиталы бар екінші деңгейлі банктер арасында жоғары бағаға ие. Fitch Ratings банкке “BB” деңгейіндегі рейтинг беріп, болжамын “Тұрақты” деп бағалаған. Moody’s агенттігі де банкке “Ba2” рейтингін беріп, болжамын “Тұрақты” деңгейінде қалдырды. Бұл рейтингтер банктің қаржы жағдайының тұрақты екенін көрсетіп, оның сенімді банк екенін аңғартады.

Bank RBK-дан кейінгі екінші орында – Freedom Bank. Онда мерзімді депозиттер көлемі бір жылда 46,2% өскен.

Ал алғашқы үштікті ForteBank түйіндеді. Банктегі мерзімді депозиттер 38,2% артқан.

Мерзімді депозиттер өсімі бойынша алғашқы бестікке Отбасы банк пен Home Credit Bank кірді. Екі банкте де көрсеткіш 23,7%-ға өскен.

Осылайша, жекелеген банктердегі жоғары динамика жалпы сектордың белсенді өсуіне ықпал етіп отыр. Бұл үрдіс әсіресе соңғы бірнеше жылда айқын байқалды. 2021 жылға дейін банк секторы белгілі бір қиындықтарды бастан өткерсе, кейін нарық жыл сайын екі таңбалы қарқынмен өсе бастаған.

Мәселен, соңғы бес жылда халықтың мерзімді депозиттері 2,5 еседен астам өсті. Осы кезеңдегі орташа жылдық өсім 21,1% болды. Ал он жылдық кезеңді алсақ, депозиттер көлемі төрт есеге артқан.

Осылайша, мерзімді депозиттер Қазақстандағы бөлшек депозиттер нарығының негізгі өсу факторларының біріне айналды. Жоғары сыйақы мөлшерлемелері, депозиттік өнімдердің дамуы және мобильді қосымшалар арқылы салым ашудың жеңілдеуі халықтың қаражатын банктерде сақтауға деген қызығушылығын арттырып отыр.

Соңғы бес және он жылда депозиттер көлемі айтарлықтай өсті. Бұл халықтың банктерге ақша салуға деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар халықтың салымдары банктер үшін маңызды қаржы көзіне айналып отыр.

ҚНРДА берген 2026 ж.15.07. №1.1.821.135 лицензия

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026 10:25