Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Параспортшылар каратэ федерациясының басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: Іс қайта қаралады

Елорда прокуратурасы қазақстандық параспортшылардың арыздары бойынша Астана паракаратэ федерациясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Спортшылар оны алаяқтық жасады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Параспортшылар Жетес Нұрмағамбетов пен Айжан Бекмұрат паракаратэ федерациясының басшысы жұмыстан шығарып жіберемін деп қорқытып, жалақыларының бір бөлігін өзі көрсеткен адамдардың есепшоттарына аударуға мәжбүрлегенін айтқан еді. Олар полицияға жүгінгеннен кейін ақшалары қайтарылған. Алайда департамент қылмыс құрамы жоқ деген шешімге келіп, істі тоқтатқан.

Прокуратура қазір осы іс бойынша қайтадан сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Астана қаласы полиция департаментінің Сарыарқа ауданы полиция басқармасы Бекмұрат А.Н. мен Нұрмағамбетов Ж.С.-ның Дукуева М.Д.-ға қатысты шара қолдану туралы алаяқтық фактісі бойынша берген арыздары негізінде Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде №267113031000918 нөмірімен тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салайық, параспортшы Жетес Нұрмағамбетов пен оның әріптесі Айжан Бекмұрат Астана паракарате федерациясының басшысы 23 ай бойы ай сайын 50 мың теңгеден "аз қамтылғандарға көмек ретінде" беруге мәжбүрлегенін айтты. Талаптан бас тартқандар бірден жұмыстан шығарылған.

Кейін "көмек алушылар" федерация басшысының туған әпкесі мен жақын құрбысы болғаны анықталған. Өтініш берілгеннен кейін федерация басшысы ақшаны қайтарып, кешірім сұрағанымен, Жетес Нұрмағамбетов арызын қайтарып алудан бас тартты. Спортшының қолында басшының ақша аударымдарын өзі бақылап, есеп талап еткенін растайтын нотариус куәландырған хат алмасулар бар. Алайда Ішкі істер министрлігі істі "қылмыс құрамы болмағандықтан" тоқтатқан. Тергеу нұсқасы бойынша, параспортшылар ақшаны басшыға "өз еркімен қарызға берген". Прокуратура да істі тоқтатуды қолдаған. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026 09:57