Қазақстандық танымал көше суретшісі қоқыс жәшігіне салған туындысы үшін қамауға алынды
Петропавлда танымал көше суретшісі қоқыс жәшіктеріне сурет салғаны үшін қамауға алынды. Сот оның шығармашылығын ұсақ бұзақылық деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Станислав Алерт Петропавлда үйлердің қасбеттерін безендіретін талантты көше суретшісі. Ол қаладағы көптеген белгілі нысандардың көркем безендірушісі болған. Сол себептен оқиға өңірде кең резонанс тудырды.
Суретшінің өзі түсіндіргендей, қоқыс контейнерлеріне жазуды ол бейнеролик түсіру үшін жасаған. Станислав Алерт бұл контентті әлеуметтік желіге жариялаған. Көрермендерінің арасында полицейлер де болған. Осылайша көше суретшісінің шығармашылығы жазылушыларының емес, нақты соттың талқысына түсті.
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Ер адам жазуды бірден бояп, өшіріп тастағанына қарамастан, бұл оны жауапкершіліктен құтқармады.

Сотта Алерт өз кінәсін мойындап, бостандыққа шыққаннан кейін барлық мән-жайды жазылушыларына айтып беруге уәде етті.
“Қоқыс жәшіктерінде "KISS ME" деген жазу болды. Мұны, негізінен, бейнеролик үшін жасадым. Мен Берлин галереясының резидентімін. Әлемдік деңгейдегі кәсіби суретшімін. Қазіргі уақытта менің картиналарым Берлинде және Францияда, Парижде көрмеге қойылған”, – деді суретші.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды