Трамп Иранның Ормуз бұғазын бір аптаға ашу туралы ұсынысынан бас тартты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын қайта ашу үшін Иран ұсынған жеті күндік атысты тоқтату ұсынысын қабылдамады. даған. Қорғаныс министрлігі екі сарбазды ел алдына шығарып, дауға нүкте қойғысы келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бұған дейін БҰҰ-да журналистерге Тегеранның бейбітшілік жоспарын Катар арқылы АҚШ-қа жеткізгенін айтқан. Оның сөзінше, келісім бойынша Ормуз бұғазын ашу және аймақтағы әскери қимылдарды тоқтату үшін жеті күндік мерзім басталуы тиіс болған.
"Егер америкалық тарап келісімге келуге және Ормуз бұғазын ашуға ниетті болса, қазір бұл үшін барлық жағдай жасалған", – деді Арагчи.
Алайда Трамп Ақ үйде журналистерге бұл келісім өзіне қолайсыз екенін айтты.
“Тегеран келісімге келіп, бұғазды бірден ашқысы келеді, өйткені олар үлкен жеңіліске ұшырап жатыр. Мен олардың келісімін қабылдамаймын”, – деді Трамп.
Ол сондай-ақ Ормуз бұғазы қазірдің өзінде АҚШ-тың "толық бақылауында" екенін және ол арқылы "мұнайдың орасан зор көлемі" өтетінін айтты. Алайда АҚШ президенті бұл сөздерін растайтын ешқандай дәлел келтірмеді.
"Олар келісімге келгісі келеді. Меніңше, бұл қалыпты жағдай. Мен де келісім жасағанды ұнатамын. Бірақ бұл келісім мені қанағаттандырмайды", – деді Трамп.
Аты-жөнін атамаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal газетінің жазуынша, Трамп кеңесшілеріне қарашада Конгресс сайлауы өткеннен кейін бомбалау қайта басталады деп күдіктенетінін айтқан.
АҚШ президенті сондай-ақ өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазының картасын жариялап, оның айналасын сызықпен белгілеп, суретке "Трамп бұғазы" деп жазған.
Осы аптада БҰҰ мінберінен сөйлеген Трамп Иранды жою немесе онымен келісімге келу туралы маңызды шешім қабылдауы керек екенін мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық шенеунік Reuters агенттігіне АҚШ пен Иранның "делдалдар арқылы оң әрі сындарлы келіссөздер жүргізіп жатқанын" айтқан. Алайда The Wall Street Journal жазуынша, Трамп жеке әңгімелерінде Иранның оның талаптарын орындайтынына күмән келтірген.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль бастаған Иранға қарсы соғыстан мыңдаған адам қаза тапты. Қаза болғандардың басым бөлігі Иран мен Ливанда. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге және Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастарына шабуыл жасаған.
Қақтығыс Иранның Ормуз бұғазын іс жүзінде жабуына байланысты ауқымды энергетикалық дағдарысқа әкелді.
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчидің айтуынша, бұғаз тараптар маусым айында қол жеткізген "қажетті шарттар орындалған жағдайда" қайта ашылады.
60 күнге есептелген жоспар бойынша барлық майданда, соның ішінде Ливанда да әскери қимылдарды тоқтату, Тегеранға салынған санкцияларды алып тастау, Иранды қалпына келтіру қорын құру және Ормуз бұғазын ашу көзделген. Иран мен АҚШ бұл құжатқа 18 маусымда қол қойып, әскери қимылдар уақытша тоқтаған.
Алайда атысты тоқтату бір айға да жетпей, 8 шілдеде тараптар арасындағы өзара соққылар қайта басталды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран шабуылды қайта бастап, Сауд Арабиясы да Ирактағы қарулы топтарға қарсы соққы жасаған еді. АҚШ әскери қолбасшылығы мұны "кенеттен жасалған шабуыл әрекеті" деп бағалап, барлық зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды