2022 жылы Қазақстанда демалыс күндері қалай ауысады
Қазақстанда келесі жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің "2022 жылы кейбір демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
"Демалыс күндері 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге және 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын", - делінген қаулы жобасында.
Айта кетейік, аталған қаулы алдағы 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі. Ресми қабылданған жағдайда 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады