Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылы Қазақстанда баспанаға сұраныс төмендеуі мүмкін

Осы жылы Алматыда баспана құны орта есеппен 30-40 пайызға өсті. Сарапшылардың пікірінше, өсу үрдісі алдағы уақытта да жалғасады. Жоғары динамика тұрғын үй алаңдарының тапшылығымен, құрылыс жұмыстарының жоғары құнымен, сондай-ақ халықтың зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігімен түсіндіріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда

2022 жылдың ортасына қарай тұрғын үй нарығында сұраныстың айтарлықтай төмендеуі болжануда. Ашық дереккөздердің мәліметтері бойынша Қазақстанның тұрғын үй қоры бүгінде 370 миллион шаршы метрден асады. Бұл ретте бұл соманың 40 пайызға жуығы еліміздің үш ірі қалаларында – Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанда шоғырланған.

Жалпы республикада тұрғын үй тапшылығы қатты байқалуда. Тіпті пандемияның өзі де ипотекалық несиелер динамикасына айтарлықтай әсер етпегені қызық болып тұр. Қазір бұл сала дағдарысқа дейінгі деңгейге жетіп қана қойған жоқ, мұндағы өсім де жалғасуда.

Азаматтарға берiлген зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын пайдалану мүмкіндігі де нарықтың қызуына сеп болды. Бұған қарамастан барлық қазақстандықтардың баспана сатып алуға мүмкіншіліктері жоқ.

2021 жылы берілген ипотекалық несиелердің жалпы сомасы 900 миллиард теңгеге жуықтады. Мемлекет "7-20-25" және "Баспана хит" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды қаржыландырады. "Отбасы Банкінің" ұсыныстары мен халықтың әртүрлі топтарына арналған әлеуметтік несиелеу бағдарламалары нарықты бірқалып етеді. 300 мыңға жуық жерлесіміз өздерінің зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға жұмсады.



"Қазір қазынада ақша көп те емес. Жеткіліктілік шегі жоғары адамдар алынған қаражатты "Отбасы банкіндегі" депозиттік шоттарына аудару мүмкіндігіне ие болды. Бұл максимум 1-2 млн теңге. Тіпті бұл жағдайда да ақша үш жыл бойы депозитте болады. Қажетті сома жиналған кезде ғана сатып алушы нарыққа шығады", - дейді экономист Мақсат Халық.

Нәтиже бойынша сарапшылар 2022 жылдың ортасына қарай тұрғын үй нарығында динамиканың аздап төмендеуі мүмкін деп есептейді.

"Сұраныстың төмендеуіне байланысты нарықта қандай да бір тоқырау болады деп ойлаймын. Биылғы жылы болғандай өсім болады деп ойламаймын. Зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегі көтеріледі және сатып алушылардың саны азаяды. Бұған банктердің де ипотекалық бағдарламаларын қайта қарауы әсер етеді", - дейді риэлтор Лариса Алексеенко.

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсу үрдісі сақталады. Құрылыс саласына ірі инвестиция тартылған жағдайда ғана нарық тұрақталады.

Талқылау