Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді халықтың баспана алуға шамасы жетпейді": Сарапшылар болжам жасады

Зейнетақы қорындағы шектік соманың өзгеруіне қатысты болжам жасаған сарапшылар бұдан әрі халықтың баспана сатып алуға шамасы жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК" арнасына сілтеме жасап.

үй

Есепшотыңда қалу тиіс қаржы көлемі екі есе көбейгендіктен, оны тұрғын үй сатып алуға пайдаланғысы келетіндердің қатары күрт азаяды. Сол себепті мамандар келеңсіздікті реттеу бағытында мемлекет тез арада шара қолдану қажет деп есептейді. 

"Егер мемлекет баспана алуға талпынғандардың талабын қанағаттандыру мақсатында құрылыс нарығын немесе жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді ынталандыру үшін дер кезінде шара қолданбаса, баға инфляцияның жетегінде кете береді. Сондықтан баға бірден төмен түседі деп болжауға болмайды. Өйткені экономикадағы келеңсіздіктер ешқашан тұрғын үй нарығын айналып өтпейді", - дейді Қазақстан риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.

Сарапшылардың айтуынша, биыл зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін баспана сатып алу үшін қолдануға рұқсат етілісімен тұрғын үй нарығында дүрбелең басталды. Соған сәйкес баспана құны шарықтап, бағасы 16 пайызға көтерілді. 

Тіпті биыл пәтер сатып алуға қатысты келісімдер тізбегі әдеттегімен салыстырғанда 89 пайызға өсіпті. Демек зейнетақы қорындағы қаржысына жылжымайтын мүлік алуды көздегендердің дені артық ақшасын пайдаланып үлгерген. "Бағаны тұрақты қалыпта ұстап тұру басты қағидаға айналуы тиіс" деген мамандар, баспана құны түспейтінін айтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр