Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

102-ге 49 рет қоңырау шалған әйелдің өлімі: Полицейлерді жұмыстан шығармай, тек қатаң сөгіс жариялады

Қостанай облысының полиция департаменті күйеуінің қолынан қаза тапқанға дейін полицияға 49 рет хабарласқан әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz/иллюстративті cурет

Департамент өкілдерінің мәлімдеуінше сот үкімімен әйелін өлтірген айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. 

"Күдікті полицейлердің назарында болады. Оның әйелінің өтініші бойынша бірнеше рет қорғау нұсқалары шығарылды. Ер адам әкімшілік жауапқа, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша басқа да құқықбұзушылықтар үшін жауапқа тартылған", – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, қылмыскерге шара қолдану үшін жәбірленушінің арызы талап етілген, бірақ әйелі арыз жазудан бас тартқан. Сондай-ақ департамент өкілдері бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін айтажы. Нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Еске сала кетейік, қоғамда шу тудырған іс 2022 жылы қарашада болған. Прокуратура мәліметінше күйеуі пышақтап өлтірмес бұрын әйел полицияға 49 рет хабарласқан. 

Талқылау