Қостанайлық әйел күйеуі пышақтап өлтірмес бұрын полицияға 49 рет хабарласқан – бас прокуратура
Қостанайда мас ер адам әйелі мен әйелінің құрбысын пышақтап өлтірген. Әйел өлтірілгенге дейін 49 рет полицияға хабарласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz/иллюстративті фото
Бұл туралы бас прокуратура үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Кеңес отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылап жатыр.
"Өткен жылы Қостанайда ер адам алкогольдік ішімдік ішу кезінде әйелі мен құрбысын пышақтап өлтірген. Анықталғандай, әйелі кісі өлтіргенге дейін полицияға 49 рет хабарласқан", – деді бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.
Әбішевтің айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соқтырған.
"Сондықтан біз қосымша квалификациялық белгі ретінде "осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйінде жасауды" қосуды ұсынамыз", – деді Әбішев.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі