Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда мас болған ер адам сәбиін құлатып, өлтіріп алған

Мас болған Шығыс Қазақстан облысының тұрығыны алты айлық сәбиін құлатып алған. Нәрестені өлтіріп алған ер адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орын алған күні ер адам баланың жаялығын ауыстырмақ болған, алайда мас күйде болған ол оны құлатып алған.

Михаилдің (аты өзгертілді) айтуынша, сол күні әйелі біраз уақытқа сыртқа шығып кеткен, ал бөлмеде жатқан ұлы жылай бастаған. Баланың жылауын тоқтату үшін ер адам нәрестені серуендеуге алып шығып, ал қайтар жолда ащы су алып, үйіне оралады.

"Баланың киімін ауыстыра бастағанмын, ауыстырып жатып оның бүлдіріп қойғанын көрдім, жақын маңда сүлгі болмағандықтан жаялығын жууға кеттім. Бала менің қолымда болды, үсті-басын тазалап ас үйден шығып келе жатқанда, дәліздің едені жыртылып қалған еді, соған шалынып құлап кетсем керек, сол сәтте балам да қолымнан сырғып кетіп, шкаф пен қабырға арасындағы бұрышқа барып құлады", –  дейді ер адам.



Содан кейін ер адам баланы алып, үлкен бөлмеге апарған. Оны диванға жатқызғаннан кейін баланың ентігіп, көгеріп бара жатқанын байқайды.

"Мен басымды қабырғаға соғып, не істерімді білмедім, ол кезде менің телефоным жоқ еді. Дереу көршілеріме жүгіріп барып, баламның жағдайын көріп берулерін сұрадым. Көрші әйел баланы қолына алып, жедел жәрдем шақырды. Мен барлығы соншалықты күрделі болады деп ойлаған жоқпын, мас болғандықтан көп жайт есімде қалмапты", – деп еске алады ол.

Оның айтуынша, әйелі оның ұлының өліміне себепші болғанын кешіре алмаған. Михаилдің айтуынша, колонияға келген алғашқы күндері ауыр болғанымен, мекеме психологтары онымен психокоррекциялық жұмыстар жүргізіп, оңалып кетуіне көмектескен.

Талқылау