Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында мемлекеттік емес ұйымды басқаратын әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Павлодар облысында мемлекеттік емес ұйымды басқаратын 4 балалы ана ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Шешімді кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссия қабылдайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

ойыншық

Полицейлер анонимді шағымнан кейін Успен ауданы тұрғынының үйін тексермек болған. Құқық қорғау органдарына 4 баланың анасы өз міндеттерін орындамай, ішімдік ішетінін хабарлаған. 

Бастапқыда полицейлер ауыл тұрғынымен сөйлесіп, әкімшілік жауапқа тартқан. Алайда кейін әйелдің үстінен тағы да шағым түсіпьті. 

"Ауыл тұрғынына келген соң, біз оның расымен ішімдік ішіп отырғанын көрдік. Үйде бейтаныс ер адамдар болды. Айта кетейік, әйелдің 17, 16, 10 және 7 жастағы 4 баласы бар. Үйде тек үлкен баласы болды, қалғандары көршісінің үйінде болған", - деп мәлімдеді ювеналды полицияның аға инспекторы Дамира Букаева. 

Полицейлер әйелдің жергілікті мемлекеттік емес ұйымды басқаратынын айтады. Бастапқыда ол салауатты өмір салтын ұстанған екен. 

Құқық қорғау органының қызметкерлері Әкімшілік кодекстің 127-бабы 1-бабы бойынша әкімшілік протокол толтырды. Материалдар сотқа жіберілген. Енді кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша комиссия әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарайды. 

Талқылау