Таразда жойқын желдің салдарынан құлаған ағаш 12 жасар баланы басып өлтірді
Таразда жойқын жел болып, анасымен автобус күтіп тұрған 12 жасар жасөспірімнің үстіне үлкен ағаш құлап кеткен. Алған жарақатынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы ІІД мәліметінше, сағат 13.30 шамасында полицейлерге Төле би даңғылының бойында орналасқан "Арбат" саябағының аялдамасы маңында анасымен бірге автобус күтіп тұрған 12 жасар баланы желдің екпінінен құлаған ағаштың басып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Осы оқиғаның салдарынан жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлімдеді полиция.
- Ақтөбеде мектеп қабырғасында соққыға жығылған алтыншы сынып оқушысы ауруханаға түсті
- Таразда 35 жастағы ер адамды МРТ құрылғысы жұтып қойған
Тәртіп сақшылары оқиғаны толық және жан-жақты тергеуге бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, өткен демалыс күні Таразда қатты жел тұрған. Желдің екпіні секундына 30 метрге жетіп, бірнеше үйдің шатыры зақымданған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар