Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп қабырғасында соққыға жығылған алтыншы сынып оқушысы ауруханаға түсті

Ақтөбеде №3 мектептің ауласында сыныптастары соққыға жыққан алтыншы сынып оқушысы Филипп Дубин ауруханаға түсіп қалды. Оқушының миы шайқалып, жабық ми-бассүйек жарақатын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақтөбе Таймс" сайтына сілтеме жасап.

филипп добин

Оқиға 4 наурыз күні болған. 

"Мен жақын жерде жұмыс істеймін, сол күні әдеттегідей үйге асығып келдім, Филипті күтіп алуым керек еді. Жолда келе жатқанда таныстарым баламды соққыға жығып тастағанын айтты. Мен оған үйіміздің үшінші қабатында қуып жеттім. Балам қалпағын көзіне түсіріп: "Анашым, жер тайғақ болды, құлап қалдым", - деді. Оның бетінің барлығы көгеріп қалған еді. Мен баламды алып, қайта мектепке бардым. Жолшыбай сынып жетекшісі мен мектеп психологына қоңырау шалдым, олар телефондарын көтермеді. Мектепке келген соң бірден шу шығарып, әкімшіліктен біреудің келуін сұрадым, бірақ ешкім шықпады", - деп еске алады оқушының анасы Надежда Дубина.

Әйелдің айтуынша, мектеп қызметкерлерінің кейбірі төбелесті көрген, бірақ балаға араша түспеген.

"Мен 102-ге хабарласқаннан кейін, психолог келіп, балалардың төбелесіп жатқанын көргенін алайда оларды қалай ажыратарын білмей, мектеп ауласынан қуып жібергенін айтты. Мен балаға неге көмектеспегендерін сұрадым, бірақ олар маған нақты жауап бере алмады", - деп қосты Дубина.



Надежда Дубинаның сөздерін екінші бір оқушының анасы растады. Оның сөзінше, олар төбелесіп жатқан балаларды көргенімен, алғашында оларды ойнап жатыр деп ойлаған.

"Мектептен алыс емес аумақта топырлап жиналған оқушыларды көрдік, олар төбелес көруге жиналған болып шықты. Біз оларды әзілдесіп жатыр деп ойладық, бірақ кейіннен баланың айқайы мен жылаған дауысын естідік. Ол қашып кетуге тырысқанымен оны мазақ қылып, қорқытып жатты. Біз жақындап келіп, не болғанын түсінуге тырыстық. Балалардың барлығы тарап кетті. Таяқ жеген Филипп болып шықты, ол әбдеп қорқып қалған. Сыныптастары оны қорғап қалмаған. Оны ұрған бала қалпағын да шешіп алыпты. Филипп бұрыла бергенде, көгерген ізді байқадым. Содан кейін мұғалімдер ме әлде әкімшіліктен бе біреулер келді, алайда оны ешкім тыныштандыра алмады, Филипп кетіп қалды", - деп бөлісті әйел.

Зардап шеккен оқушының анасы баласын бірінші сыныптан бері кемсітіп келе жатқанын айтады.

"Әкімшілікке шара қолдануды қайта-қайта өтіндім, бірақ еш нәтиже жоқ. Бұған ұқсас оқиға 2020 жылы болған, ол кезде де ешкім жазаға тартылмады. Филипті ол уақытта миы шайқалғанша ұрып тастаған, сонымен қатар жабық ми-бассүйек жарақатын алды. Мен арыз жазған жоқпын, балалардың тағдырын бұзғым келмеді, оның үстіне баламның жағдайы ауыр болғандықтан ешнәрсеге назар бөле алмадым. Сонымен қоса олар маған барлығын шешуге, балалармен жұмыс істейміз деп уәде берді", - дейді Надежда Дубина.

Зардап шеккен оқушы ұзақ уақыт емделуі қажет. Күн сайын анасы баланың жағдайын арнайы қағазға толтырып, оны емдейтін дәрігер жібереді.

Талқылау