Тоқаев Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беру керегін жеткізді.
“Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе”, – дейді Тоқаев.
Бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық деді мемлекет басшысы.

“Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға “Әділет” атауын бердік”, – деп түсіндірді президент.
Еске салайық, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтайы сайлауында дауыс берген еді. Тұңғыш президенттің баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Назарбаев үйден дауыс берген.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.