Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлануы мүмкін екенін айтты

Трамп жарнама
Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау нәтижелерін заңды деп мойындамайтынын айтып, АҚШ президенттігіне қайта үміткер болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Телеарнаның хабарлауынша, Дональд Трамп Айова тұрғындарымен кездесуде АҚШ президенті лауазымына үшінші рет сайлауға түсе алатынын айтты. Алайда ол заңда бұған тыйым салынғанын да мойындады.

"Менің ойымша, қайтадан сайлауға түсуге құқығым бар. Өйткені олар сайлауда алаяқтық жасады", – деді Трамп.

Ол 2020 жылғы сайлауда жаппай заң бұзушылықтар болды деп санайтынын меңзеді.

Трамп бұған дейін де президенттікке үшінші рет үміткер болу мүмкіндігін бірнеше рет айтқан. Дегенмен кей кездері мұндай жоспарынан үзілді-кесілді бас тартқан.

АҚШ президенті өзі сөзінде Конституцияның 22-түзетуін меңзеді. Онда бір адамның екі мерзімнен артық президент болып сайлануына шектеу қойылған.

"Заңда қайта сайлауға түсе алмайтыным жазылған сияқты. Бұған толық сенімді емеспін, бірақ солай деп ойлаймын. Мен бұл тармақты зерттедім", – деді ол.

Алайда бірнеше минуттан кейін Трамп тіпті төртінші рет те сайлауға түсуге құқығы бар екенін мәлімдеді. Ол 2020 жылғы сайлауда нәтиженің бұрмаланып, жеңісін өзінен тартып алғанын тағы да алға тартты. Оның сөзінше, сол жылғы сайлауда олар өте жақсы нәтиже көрсеткен.

Бұған дейін 2025 жылы Трамп Дональд Трамп үшінші рет президенттікке ұмтылмайтынын айтқан еді. Десе де, бұған дейін АҚШ президенті мұндай жоспары барын тұспалдап жеткізген еді.

“Мен сегіз жыл президент боламын, тек екі рет. Мен үнемі мұны өте маңызды деп санайтынмын. 2028 жылғы президент сайлауына қатысуымды қалайтын адамдар көп. Маған мұндай көп өтініштер айтылмаған. Бірақ менің білуімше, бұлай істеуге болмайды. Мен ондайға бармаймын”, – деді Трамп.

АҚШ президенті билікте “керемет төрт жылын” өткізіп, оны “республикашыл” азаматқа тапсырғысы келетінін атап өтті.

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Қазан, 2026 15:03